«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының» үш ғылыми қызметкері үздік шықты

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының» үш ғылыми қызметкері үздік шықты

Бүгін Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі» атты үздік ғылыми жобалар  конкурсы өз мәресіне жетті.

Конкурс Атырау облысы бойынша ұйымдастырылып, оған барлық мекемелер, жоғары оқу орындары, музейлер, колледж жас ғалымдары қатысты.

Байқау қорытындысына сай,  «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының» үш бірдей ғылыми қызметкері үздік танылды.  Атап айтқанда, музей-қорық археологы, магистр, Қалмақ мемлекеттік университетінің аспиранты А.Жұмабаев жүлделі 1 орын, ғалым-хатшы, магистр Ж.Диярова 3 орынға ие болса,  ғылыми қызметкер Ж.Байғалиев Алғыс хатпен марапатталды.