
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» Алтын орда дәуіріндегі керуен жолдарын анықтау мақсатында Өзбекстан Республикасы, Қарақалпақстан Республикасы Нүкіс қаласындағы И.В.Савицкий атындағы мемлекеттік Өнер музейімен ғылыми байланысты жүзеге асырып, Хожелі қаласындағы қазақ мектептерімен байланыс орнатты.
Хожелі қаласы аумағындағы ежелгі Миздакхан қаласы орын алған. Қазірдің өзінде қаланың ортағасырда Сарайшық қаласымен сауда қатынастарын жолға қойғандығы анықталды. Сонымен бірге музей-қорық қызметкері Ж.Байғалиев 2019 жылы 1-25 қараша аралығында Хожелі қаласындағы № 23 қазақ мектебі оқушыларына «Ортағасырлық Сарайшық: Қазақ Хандығының астанасы» тақырыбында ашық сабақтар ұйымдастырды.