Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова саңлақ саxнагер Айша Абдуллинаның қазасына байланысты көңіл айтты

Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова саңлақ саxнагер Айша Абдуллинаның қазасына байланысты көңіл айтты
 

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова саңлақ саxнагердің қазасына байланысты көңіл айтты.

Көрнекті театр және кино актрисасы, Қазақстанның Халық әртісі, "Парасат", "Құрмет белгісі" ордендерінің иегері Айша Абдуллинаның қайтыс болуына байланысты туыстары мен ет жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Айша апамыз ұзақ жылдар Ж. Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық драма театрында 200-ден астам рөлді сомдады. Ғасырлық тойын да сахна төрінде қарсы алған анамыз өнерге деген адалдықтың үлгісін көрсетті. 103-ке қараған шағында көз жұмған сахна саңлағының жатқан жері жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқысын!,- деп жазылған көңіл айту хатында.

 

Марқұммен қоштасу рәсімі 28 қараша күні, сағат 09.00-де М. Әуезов театрында өтеді.