
«Қазақстан аруы-2019» байқауының жеңімпазы Мәдина Батық 14 қарашадан бері Лондонда әлемдік байқауға дайындығын пысықтауда.
Қазір әлемнің түкпір-түкпірінен келген 120 ару Miss World байқауының дирекциясы ұйымдастырған іс-шараларға қатысып жатыр. Мәдина сән өнері бойынша үздік шыққан 10 арудың тізімінде 6 орында тұр.
Финалдық кезеңге дейін арулар әлі бірнеше қайырымдылық және спорттық іс-шараларға, фотосессияға, ұлттық киімдер конкурсына қатысады.
«Қазақстан аруы» байқауы дирекциясының хабарлауынша, «Үздік модель» номинациясының жеңімпазы финал кезінде белгілі болады.
Айта кетейік, Лондонда өтетін қорытынды шоуды 150-ден астам елдің телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Осы айтулы шарада әлемнің 69-шы аруының есімі анықталады.