
ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Қазақ ұлттық өнер университетінің есеп беру концертін тамашалады. Іс-шара университеттің шығармашылық өмірінің басты оқиғаларының бірі саналады және студенттер мен оқытушылардың шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін көрсетуге бағытталған.
Концерт бағдарламасына әлемдік музыка өнерінің классиктерінің, қазақ халық композиторларының, халықаралық конкурстардың лауреаттарының, қазақ халық аспаптары оркестрінің, Еуразия симфониялық оркестрінің, үрмелі оркестрдің, студенттік хор капелласының, фольклорлық ансамбльдің, «Үміт» домбырашылар ансамблінің, қобызшылар ансамблінің, «Елігай» балалар хорының және т. б. шығармалары енген.
Айта кету керек, бұған дейін Дәурен Абаев университеттің оқу ғимараттары мен жатақханаларына барып, ҚазҰӨУ ұжымымен және студенттерімен кездесу өткізіп, күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер мен шығармашылық жоспарларды талқылаған болатын.
Бүгінгі таңда университет базасында мектеп, колледж, бакалавриат, магистратура және докторантураның оқу бағдарламалары бойынша өнер саласындағы мамандарды үздіксіз даярлау жүзеге асырылып келеді.
Сонымен қатар, 5 оқу ғимараты, 1 интернат, 2 студенттер жатақханасы, International Camp Shabyt Fantasy шығармашылық үйі бар.