
6 сәуірде ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Алматыға жұмыс сапары аясында архив ісімен айналысатын бірқатар ұйымдарға барды. Атап айтқанда, министр Орталық мемлекеттік архивтің, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің және Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінің материалдық-техникалық базасымен және қорларымен танысты. Сондай-ақ Дәурен Абаев ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасына да барды.
Министр бағынысты ұйымдардың ұжымымен кездесулер өткізді. Онда алдағы уақытта ұйым жұмысын жақсарту бағытында қордаланған нақты проблемалар мен ұсыныстар айтылды.
Орталық мемлекеттік архивтің жұмысымен танысу барысында министрге архивтің қазіргі қызметі туралы ақпарат берілді. ҚР ОМА архивінде XVI–XXI ғасырлардағы Қазақстан тарихын қамтитын 1,3 млн-нан астам сақтау бірлігі бар. Сонымен қатар, орталық мемлекеттік архив құжаттандыруды қалыптастыру және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша іс жүргізу қызметтеріне, атап айтқанда 144 мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға консультативтік және әдістемелік көмек көрсетеді. Бұл ретте архив қоймасының жүктемесі 100% - ды құрайды.
ОМА директоры Сәбит Шілдебайдың айтуынша, архив қорлары жыл сайын жаңа құжаттармен толықтырылып отырады. Мысалы, тек 2021 жылдың өзінде мемлекеттік сақтауға 10 мыңнан астам сақтау бірлігі келіп түскен.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде ұйым директоры Баян Жұматаева 196 қорда 220 мыңнан астам сақтау бірлігі бар екенін айтты. Құжаттардың хронологиялық шеңбері 1722 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Мемлекеттік архив қоры жыл сайын жаңа құжаттармен толықтырылып отырады. 2021 жылы мемлекеттік сақтауға 3 мыңнан астам сақтау бірлігі келіп түскен.
Кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік архивін аралау кезінде ұйым директоры Жанай Омаров министрге дыбыс-бейне жазу құжаттарының сақталуын, жинақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз етумен қатар, қолда бар архив материалдарын цифрландыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Ол үшін барлық қажетті жабдықтар мен тиісті кадрлар бар. Кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары орталық мемлекеттік архивінің қоймаларында 240 мыңға жуық дыбыс-бейне жазу құжаттары сақталған. Аудиовизуалды құжаттардың хронологиялық шеңбері XIX ғасырдың аяғынан 2020 жылдарға дейінгі кезеңді қамтиды.
Басты проблемалардың бірі барлық архив қорларының 100% толықтырылуы керектігін атап өту қажет, бұл өз кезегінде жаңа ғимарат салу мәселесінің өзекті екендігін көрсетеді.
«Өкінішке қарай, архивтер мәселесі ұзақ уақыт бойы қалдық принципі бойынша шешілгенін мойындау керек. Бұл дұрыс емес. Біздің архив қорымыз-ерекше тәсілдемені және мұқият назарды талап ететін баға жетпес игілігіміз. Барлық үш архивті аралай келе, мен олардың қызметкерлерінің қыруар жұмыстар атқарып жатқанын көріп отырмын. Өз тарапымнан министрлік барлық қажетті көмекті беріп, қолдау көрсетеді деп сендіре аламын», - деді Дәурен Абаев архив қызметкерлеріне арнаған сөзінде.
Сол сияқты Дәурен Абаевқа кітап палатасының басшылығы мекеменің қазіргі қызметі мен болашақ жобалары туралы толық ақпарат берді. Негізінен Кітап палатасы баспасөз архивтіын құру, ғылыми библиография, баспа статистикасы, орталықтандырылған каталогтау, ел аумағында шығатын баспа туындыларын есепке алу және ғылыми өңдеу бойынша мемлекеттік саясатты іске асырумен айналысады. Алайда, негізгі проблемалардың бірі-жөндеуді қажет ететін ғимараттың қазіргі жағдайы.