Ержан Максим Junior Eurovision 2019 байқауында 2-орын алды

Ержан Максим Junior Eurovision 2019 байқауында 2-орын алды

Польшаның Гливице қаласында 19 елдің өнерлі өрені бақ сынаған балалар Евровидениесі (Junior Eurovision 2019)  ән байқауының қорытындысы шықты.

Ұлттық қазылар алқасының  шешімі мен көрермендердің дауыс беру нәтижесіне сәйкес халықаралық ән байқауында бірінші орын поляк әншісі  Viki Gabor -ға (278 дауыс) бұйырды, «Арманыңнан қалма!» (Don't forsake your dream) композициясын қазақ және ағылшын тілдерінде шырқаған 12 жасар қазақстандық әнші Ержан Максим (227 дауыс) 2-орын алды, ал үшінші орынға испан қызы Melani Garcia (212 дауыс) ие болды.

Онлайн дауыс беруге 3,77 млн адам қатысты.

Еске сала кетейік, Ержан Максим осынау додаға еліміздің атынан түсіп отырған екінші өнерпаз. Тікелей эфирді «Хабар» телеарнасы көрсетті.

«Арманыңнан қалма!» (Don't forsake your dream) композициясының авторлары Хамит Шанғалиев, Данияр Алдабергенов және Тимур Балымбетов, ал ресми клипті түсірген режиссер Александр Фломбойм, продюсері Сергей Руцкий.