
Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдады. Министр мәдениет, туризм және спорт салаларындағы түйінді мәселелер мен өзі жетекшілік ететін салаларды дамытуға бағытталған ұсыныстарды талқылады.
Қабылдау аясында министр Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Павлодар, Түркістан және Алматы облыстарынан келген 10 азаматты тыңдады.
Өтініштердің басым бөлігі мәдениет мәселелеріне қатысты болды, оның ішінде – кәсіподақтардың жұмысы, жеке мәдениет объектілерін қолдау, Суретшілер Одағының 60 жылдығын мерекелеу және т.б. сондай-ақ туризм және спорт салаларына инвестициялар тарту туралы ұсыныстар айтылды.
Дәурен Абаев барлық өтініштерге толық жауап беріп, оларды жеке бақылауға алды. Бұл ретте жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.