Сенаторлар Сарайшықтағы «Сапар орталығына» барды

Сенаторлар Сарайшықтағы «Сапар орталығына» барды

Атырау облысынан сайланған Сенат депутаттары Ғұмар Дүйсембаев пен Сағындық Лұқпанов Сарайшықта құрылысы басталған «Сапар орталығы» басында Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш, «Сарайшық» музей-қорығының директоры Әбілсейіт Мұқтар,  құрылыс жүргізуші «АС Құрылыс» ЖШС-нің директоры Нұрлан Дильмановпен кездесті.

Кездесу барысында  «Сапар орталығының» құрылысы мен ондағы музей экспозициясы талқыланды. Сонымен бірге, Сарайшықта Қасым ханға көше атауын беру, Атырау-Орал қалалары трассасы бойында Қасым ханға ескерткіш орнату мәселелері көтерілді.

Сенат депутаттары жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, бірқатар мәселелерді республика деңгейінде шешуге қолдау білдіретіндерін жеткізді.