Дәурен Абаев UNWTO Бас хатшысы Зураб Пололикашвилимен кездесті

Дәурен Абаев UNWTO Бас хатшысы Зураб Пололикашвилимен кездесті

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының "Болашаққа жаңа көзқарас" қысқы және тау-кен туризміне арналған 11-ші дүниежүзілік конгресіне қатысып, UNWTO Бас хатшысы Зураб Пололикашвилимен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен UNWTO ынтымақтастығының өзекті мәселелері қаралды. Атап айтқанда, білім беру және инвестициялық жобалар, бірлескен іс-шаралар өткізу және тағы басқалар.

Осы жылы 27 маусым мен 3 шілде аралығында Қазақстанның Италияда  өтетін жастар туризміне арналған жаһандық саммитке қатысуына ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта аталған іс-шараға қазақстандық студенттердің қатысу мәселесі пысықталып жатқанын атап өту қажет.

Өз кезегінде Дәурен Абаев Kids Go Free отбасылық туризм бағдарламасы туралы айтты. Еске сала кетейік, Kids Go Free отбасылық туризм бағдарламасының аясында Қазақстанда туржолдаманың құрамында кәмелетке толмаған жолаушылар үшін билет құнын субсидиялау жүзеге асырылады.