
Құрметті Аружан!
Сізді Лос-Анджелестегі «Golden Screen Awards» кинофестивалінде «Үздік әйел образы» номинациясына ие болуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Аталған жүлде Сіздің кәсіби актёрлік шеберлігіңіз бен қажырлы еңбегіңізге берілген жоғары баға. Осы елеулі жетістігіңіз арқылы Сіз қазақ киноиндустриясының қарқынды дамып, әлемдік деңгейдегі туындыларды түсіре алатынын паш еттіңіз.
Осы сәтті пайдалана отырып, Сізге және әріптестеріңізге шығармашылық шабыт, кино әлемінде толайым табыстар тілеймін!, деп жазылған құттықтау хатта.
Біздің анықтама:
Қазақстан мен Қытай бірлесіп түсірген актриса Аружан Жазылбекова мен продюсер Джонатан Шеннің «Композитор» фильмі АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында Golden Screen Awards сыйлығының «Үздік кино», «Үздік музыка», «Үздік ер адам рөлі» және «Үздік әйел рөлі» төрт номинациясын жеңіп алды.
«Композитор» фильмінде Қазақ радиосы хорының жетекшісі, танымал композитор Бақытжан Байқадамов пен қытай композиторы Сянь Синхайдың достығы туралы айтылады. Қазақстан-Қытай өндірісінің фильмінде қазақстандық актерлер Берік Айтжанов пен Аружан Жазылбекова және қытайлық актерлер Ху Цзюнь, Юань Цуань түскен.
Айта кетейік, Алматы қаласында қос композитордың есімімен аталатын көше бар.
Фото www.xinhuanet.com сайтынан алынды