
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Жұмыс тобының құрамына Нұр-Сұлтан қаласындағы "Қазақстан туристік қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі директорының орынбасары, Жұмыс тобының жетекшісі Анар Шаймуханова, "ҚР автомотоспорт федерациясы" ҚБ мемлекеттік жаттықтырушысы Нұрпейіс Қоныспаев, "Түркия түлектері" ҚБ құрылтайшысы, "Арландар футбол клубы" ЖШС директоры, "Astana Mining Exploration Company" ЖШС директоры Фазылбек Мұстанов, "Sun Events" ЖШС директоры, құрылтайшысы, бас директоры Сәуле Самидин, "Қазақстандық мәдениет, спорт қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" ҚБ төрағасының кеңесшісі, Мәдениет және спорт министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры Жандос Жарқымбеков, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаментінің директоры Жаңыл Мұхтарова кіреді.
Жұмыс тобының мүшелері өздерінің өкілеттіктері туралы хабардар етілді. Отырыс барысында Қоғамдық кеңестің атауын айқындау; Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізу туралы азаматтарды хабардар ету күнін талқылау; Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындау; Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын, Қоғамдық кеңеске кандидаттар үшін өтініштердің үлгілері мен өмірбаяндық мәліметтерді талқылау мәселелері қарастырылды.
Талқылау нәтижесінде қоғамдық кеңестің құрамын 17 адамды бекіту туралы шешім қабылданды. Қоғамдық кеңеске өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру 24 наурызда жарияланып, 25 наурыз бен 7 сәуір аралығында өтінімдер қабылдау жүргізіледі. Ал 8-21 сәуір аралығында қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімі өтеді.
Бұдан басқа, Қоғамдық кеңестің шығып қалған мүшелерін кейіннен алмастыру мақсатында жұмыс тобының шешімімен Қоғамдық кеңестің құрамына кірмеген азаматтық қоғам өкілдері қатарынан Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімі қалыптастырылатын болады.