Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған баспасөз жиыны өтті

Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған баспасөз жиыны өтті

18 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚР МСМ баспасөз қызметі.

Баспасөз конференциясына мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Нұран Қамзин қатысты.

Вице-министр Нұрғиса Дәуешов өз сөзінде Наурыз мейрамы – аса маңызды бүкілхалықтық мереке, ұлт сәйкестілігін құрудың жоғары шоғырландырушы әлеуеті мен тамыры тереңде жатқан  дәстүрлі құндылықтардың қайнар көзі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Наурыз мейрамын мерекелеудің негізгі мақсаты Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді нығайту, азаматтарды елдің жасампаз дамуының ортақ міндеті төңірегінде топтастыру, ортақ мәдени-рухани құндылықтар мен жалпыұлттық сананы қалыптастыру болуға тиіс», - деді ол.

Нұрғиса Дәуешов Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа тұжырымдамалық тәсілдерін атап өтті.

Вице-министр атап өткендей, біріншіден, Наурыз – тату көршілік пен жергілікті қауымдардың мерекесі. Бұл тұжырымдаманы аулаларда, қауымдастықтарда, отбасыларда мерекені оқшаулау арқылы қазіргі әлемнің қалалық жағдайларына бейімдеу ұсынылады.

Екіншіден, Наурыз – тазалық пен экологияға деген қамқорлық мерекесі. Бұл әлеуетті ауқымды экологиялық акциялар мен жалпы өскелең ұрпақты экологиялық тәрбиелеу үшін пайдалану қажет.

Осы күні бүкіл ел бойынша жаппай ағаш отырғызу және елді мекендер мен аулалардың аумақтарын тазарту бойынша «Таза табиғат» республикалық акциясы басталады. Сонымен қатар, бүкіл елдегі әлеуметтік желілерде «Әр отбасыдан бір ағаш» челленджін өткізу ұсынылады. Ағаштар отырғызу ауа райы жағдайларына байланысты жүргізіліп, жылы ауа-райы кешірек келетін өңірлерде акцияны кешірек ұйымдастыруға жол беріледі.

Үшіншіден, Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі. Волонтерлық, қайырымдылық және ерікті ұйымдар арқылы Асар дәстүрін жаңғырта отырып, «Наурыз мейірімі» жалпыұлттық акциясын іске қосу ұсынылады.

 Төртіншіден, Наурыз – балалар үшін басты мереке. Отбасыларда, білім беру ұйымдарында және еңбек ұжымдарында «Наурыз кәдесі», «Наурыз көржін» (ұлттық нақыштағы ойыншықтар) сыйлықтарын тарту ету дәстүрін енгізу арқылы балалар аудиториясына баса назар аудару көзделуде.

 Бесіншіден, Наурыз – аға буынды қастерлеу мерекесі.

Наурыз мейрамын мерекелеу бағыттарының бірі Наурыз бата дәстүрін дәріптеу – отбасыларға, еңбек ұжымдарына, ардагерлер, ақсақалдар қауымдастығына шақырумен және қарт адамдарға құрмет пен ықылас танытумен аға буынның ізгі тілектері мен баталарын алу.

«Мереке күндері ақпараттық кеңістік көпшілік көрерменге қызықты танымдық, зияткерлік іс - шаралардың мазмұндық бөлігін қамтуға бағытталуы тиіс»,- деп ұсынды мәдениет және спорт вице-министрі.

Жалпыұлттық ауқымдағы негізгі іс-шаралар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына құттықтауымен 21 наурызда басталатыны белгілі.

23 наурызда бүкіл ел бойынша «Мейірімді ұлт» атты ауқымды қайырымдылық акциясы өтеді, оның аясында балалар үйінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі балалар мен қарт адамдар үшін көшпелі концерттер өткізу көзделген. Акцияға еріктілер, мәдениет өкілдері, меценаттар тартылады.

Бүгінгі таңда, жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, республиканың барлық өңірлері Наурыз мейрамын тойлау бойынша іс-шараларды бастады.

Бүгін Нұр-Сұлтанда Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырған»Наурыз – ел бірлігінің мәдени коды: ізденіс, тұжырымдама, тәжірибе» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы басталды.

Сондай-ақ, Наурыз мейрамын мерекелеу күндері елімізде ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының ұйымдастыруымен 15 ғылыми-практикалық конференция мен дөңгелек үстел өтеді.

Сонымен қатар, Нұрғиса Дәуешов 25 наурызда Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі өткен жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Наурыз сыйы» ұлттық сыйлығын табыстайтынын хабарлады.

Бұл күндері республиканың түрлі өңірлерінде әртүрлі мәдени-танымдық бұқаралық іс-шаралар өткізіледі. Атап айтқанда: көпшілік қатысатын түрлі деңгейдегі мәдени, спорттық ұлттық іс-шаралар, айтыстар, концерттік бағдарламалар, көрмелер, қазақ халық аспаптарының фестивальдері, әртүрлі конкурстар, конкурстар, театрландырылған қойылымдар, шеленджи, шерулер, кездесулер, ұлы тұлғалардың мерейтойларына арналған конференциялар, қолөнер көрмелері, ұлттық тағамдардың дегустациялары, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдардан дәм тату. Наурыздың маңыздылығы мен мазмұнын көрсететін көптеген ауқымды және мазмұнды іс-шара: арқан тарту, Асық ату, тоғызқұмалақ, армрестлинг, аталар, әжелер конкурстары және т. б. іске асырылатын болады.