Раиса Мұхамедиярова дүниеден озды

Раиса Мұхамедиярова дүниеден озды

Бүгін 5 қарашада Қаз КСР Еңбек сіңірген әртісі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің (2002), «Құрмет» орденінің (2007) иегері,  КСРО кинематографистер одағының мүшесі, кино және театр әртісі Раиса Мәжитқызы Мұхамедиярова дүниеден озды.

Раиса Мәжитқызы 1939 жылы 11 шілдеде Семей облысының Көкпекті ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық иститутында ағылшын тілі мамандығы бойынша білім алған.

Р.Мұхамедиярова қазақтың танымал режиссерлері Шәкен Аймановтың «Ән шақырады»,  Абдолла Қарсақбаевтың  «Менің атым Қожа»,«Балалық шаққа саяхат» Нұрмұхан Жантөриннің және т.б фильмдеріне түскен.

Киноактриса ұзақ жылдар бойы «Қазақфильм» киностудиясында еңбек еткен. Зейнеткеркерлікке шыққаннан соң да 2002 жылға дейін Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет атқарып, актерлік құрамда болған.

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері

Раиса Мәжитқызы Мұхамедиярованың

қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен ет жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.