Министрлік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді

Министрлік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді

2021 жылдың төртінші тоқсанында министрлік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында құрылымдық бөлімшелердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызметтер көрсету, рұқсат беру, бақылау функцияларын іске асыру және бөлімшелердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын басқа да мәселелер зерделенді және талданды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша бірқатар ықтимал тәуекелдер анықталды, тиісті ұсынымдар әзірленді. Мысалы:

  • ішкі және нормативтік құжаттардағы жетілмеген рәсімдер мен олқылықтар;
  • жасырын мемлекеттік қызметтердің болуы;
  • сараптамалық, ведомствоаралық, аттестаттау комиссияларының жұмыс регламенттерінің болмауы (сандық құрам, комиссия мүшелерін іріктеу өлшемшарттары, оларға қойылатын біліктілік талаптары, ротациялау және алып тастау рәсімдері).

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында тиісті іс-шаралар жоспары әзірленді.

Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау ағымдағы жылы Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарында жалғасатын болады.