Көрме-байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көрме-байқаудың жеңімпаздары анықталды

 

Көрменің ұйымдастырушылары- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Республикалық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорны, Махамбет аудандық әкімдігі.

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының 20-жылдығына орай биыл 1 тамызда бастау алған байқаудың негізгі міндеті «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген Елбасының жасампаз идеяларын жүзеге асыру.

Көрме-байқауға облыстан 10 суретші қатысты. Әділқазы құрамында, төрағасы ҚР көркем академиясының кор-мүшесі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі, өлкетанушы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының меңгерушісі Нұрлан Бермағамбет, мүшелері: Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директорының орынбасары Айбек Тұрарұлы, Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрғали Аруев болды. Әділқазылар шешімі бойынша Бас жүлдені ҚР Көркем академиясының академигі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, «Сарайшық секер көлі» туындысымен Қамбарбек Аманов, 1 орынды - ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Махамбет атындағы сыйлық иегері, зейнеткер, Атырау облысы Индер ауданы, Бөдене ауылы «Сарайшық ханшасы» туындысымен Тілек Халин, 2 орын- ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, «Сарайшық «Жібек жолы» туындысымен Кендір Отарбай, 3 орынды 2 суретші- ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, «Алтын қайық» иегері, «Сарайшық» туындысымен Есім Арыстанов мен ҚР Көркем академиясының кор-мүшесі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі, Халықаралық Қолөнер Одағының мүшесі, «Алтын қайық» туындысымен Еркін Бозжігітов иеленді.

Қалған қатысушылар «Алғыс хатпен» марапатталды. Жеңімпаздар суреттерін Сарайшық музей қорына сыйға тартты.