Ақтоты Райымқұлова бүкіләлемдік әскерилер ойынында жеңіске жеткен жеңіл атлет Ольга Рыпакованы құттықтады

Ақтоты Райымқұлова бүкіләлемдік әскерилер ойынында жеңіске жеткен жеңіл атлет Ольга Рыпакованы құттықтады

Бүгін Олимпиада ойындарының жеңімпазы (2012), Әлем чемпионы (2010), 4 рет Азия ойындарының чемпионы, жеңіл атлет Ольга Рыпакова Қытайдың Ухань қаласында өткен бүкіләлемдік әскерилер ойынында (CISM) жеңіске жетті. Ольга Рыпакова үш қарғып секіру жарысында 14.19 метрге секіріп, ең үздік нәтиже көрсетті.
Қазақ спортшысының тамаша жетістігіне байланысты Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова құттықтау жолдады.

Құрметті Ольга!
Сізді VII Бүкіләлемдік әскери ойындарда топ жаруыңызбен құттықтаймын. Сіз үш қарғып секіруден үздік екеніңізді тағы бір мәрте дәлелдеп, бұл жолы да жеңіс тұғырынан көріндіңіз. Олимпиада ойындары секілді төрт жылда бір рет өткізілетін байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, алтыннан тағынған жүлдеңіз құтты болсын!,-деп жазылған құттықтау хатында.