Бүгін Бейжің Паралимпиадасындапара биатлоннан (12,5 шақырым) жарыс өтті. Жарысқа Сергей Усольцев пен Александр Герлиц қатысты.
Сергей Усольцев өз санатында 47 минут 51 секунд нәтижесімен 19 спортшының арасында 15-ші болып мәреге жетті.
Александр Герлиц жарыс нәтижесі бойынша 43 минут 17 секундта мәреге жетіп, үздік 5 пара биатлоншы қатарына енді.
Жарыс орнынан тікелей трансляцияны Qazsport телеарнасы көрсетеді.
Паралимпиадашылардың суреттерін мына сілтеме бойынша жүктеуге болады: https://drive.google.com/drive/u/0/folders/1ZLSrOrTZZJhfPUrBPYuegG8M3rZL2xDC
Біздің анықтама:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитеті (бұдан әрі - ҰПК) 2002 жылы құрылды. ҰПК - қазақ спортшыларының халықаралық жарыстарға, соның ішінде Паралимпиадаға қатысатынын мәлімдеуге құқығы бар Қазақстандағы жалғыз өкіл. ҰПК негізгі міндеті - паралимпиадалық қозғалыс қағидаларын насихаттау, паралимпиадалық спорттың жоғары жетістіктер мен бұқаралық спорт түрлерін дамытуға ықпалын тигізу.