Дәурен Абаев Исмаил Гюрлекпен кездесті

Дәурен Абаев Исмаил Гюрлекпен кездесті

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) Қазақстандағы өкілі Исмаил Гюрлекпен кездесті. Келіссөздер барысында Қазақстан аумағындағы тарихи және мәдени мұра нысандарын зерттеу бойынша екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Исмаил Гүрлектің айтуынша, түрік тарапы Қазақстандағы түркі мәдениеті нысандарын, атап айтқанда «Әзірет Сұлтан» музей-қорығын зерттеуге мүдделі.

«Біз Қазақстанды өте жақсы көреміз. Бұл біздің ата-бабамыздың туған жері. Біз өз зерттеулерімізді түркі мәдениеті музейлерінде өткізгіміз келеді. Түркияда 1995 жылдан бастап ТИКА түркі ескерткіштерін қорғауға алды. «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы мен TIKA арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды», - деді Исмаил Гюрлек.

Өз кезегінде Дәурен Абаев жемісті ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді. Ол түрік тарапына ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енген музей-қорық кешенін аралап, қызығушылық тудыратын барлық мәселелерді талқылау үшін тағы бір рет кездесуді ұсынды.

Айта кету керек, TIKA-Түркияның халықаралық ынтымақтастығына Түркі елдері мен қауымдастықтарына ерекше назар аудара отырып, жауап береді.