Дина Дүтмагамбетованың шығармашылық кеші өтеді

Дина Дүтмагамбетованың шығармашылық кеші өтеді

12 наурызда, сағат 18.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының үлкен сахнасында опера труппасының солисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дина Дүтмағамбетованың "Өнер - менің өмірім" атты шығармашылық кеші өтеді.

Дина Дүтмағамбетова-Абай атындағы Ұлттық опера және балет театрының опера труппасының жарқын мүшесі. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі, көптеген республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты. Сахнада ол ең күрделі және алуан түрлі рольдерді сомдайды: "Кармен" операсынан нәзік Микаэлла, Пуччинидің операсынан билікқұмар Турандот, Брусиловскийдің "Қыз Жібек"операсынан қамқор әрі көңілді Батсай. Ол лирикалық кейіпкерлердің бейнесімен қоса үстем кейіпкерлердің бейнелерін де шебер орындайды. Дина Дүтмағамбетованың репертуарындағы опералық партиялардан басқа моно опералар мен камералық шығармалар циклдары бар. 

"Симфониялық оркестрдің әуенімен біздің бас дирижер және ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Ахмедьяровтың жетекшілігімен біз көрермендерге концерттік бағдарлама дайындадық, онда шетелдік әйгілі опера қойылымдарынан сирек орындалатын ариялар, сондай - ақ көп жылдар бойы театрымыздың сахнасында болып, "алтын мұра" репертуарына кіретін қазақ авторларының шығармалары орындалады", - дейді Дина Дүтмағамбетова.