
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік шығармашылық пен спорттық тапсырысты жүзеге асыру 2021 жылғы 1 мамырдан бастап іске қосылды. Қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілді.
Бүгінгі күні мемлекеттік тапсырыспен қарастырылған қаражат шеңберінде 432 493 адам қамтылды (шығармашылық - 203 807, спорт - 228 686). Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 128 142 адамға өсті. (шығармашылық - 61 664, спорт-66 478).
Бірақ бүгінгі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өңірлерден өзгерістер енгізу жөнінде көптеген ұсыныстар түскен болатын. Осы сұраныстар негізінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мемлекеттік спорттық тапсырысты дамыту жөніндегі жұмыс тобымен көтерілген мәселелерді бір апта талқылап, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі 119, 120, 121 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдады.
Жоғарыда аталған бұйрықтарға енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар өнім берушілерге, сабақ өткізетін қызметкерлерге, сабақ өткізуге арналған үй-жайларға қойылатын талаптарды күшейтетін болады, спорт түрлерінің артуына, сондай-ақ ақпараттық жүйені жетілдіруге қатысты.
Бұйрық жобасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады:
№119 «Мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің
2021 жылғы 27 сәуірдегі № 119 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы