Бейжіңде 2022 жылғы қысқы Паралимпиаданың ашылу салтанаты өтті

Бейжіңде 2022 жылғы қысқы Паралимпиаданың ашылу салтанаты өтті

Бүгін Қытай мемлекетінің астанасы Бейжіңде 2022 жылғы қысқы Паралимпиаданың ашылу салтанаты өтті.

4-13 наурыз аралығында өтетін Паралимпиадада алты спорт түрі ұсынылады: шаңғы спорты, биатлон, шаңғы жарысы, следж-хоккей, сноуборд және арбадағы керлинг. Әлемдік додада барлығы 78 медаль жиынтығы ойнатылады.

Еліміздің туын пара шаңғы спорт түрінен Әлем кубогының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов ұстап шықты.

Қазақстан құрамасынан пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлерінен Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко, Юрий Березин және Сергей Усольцев ел намысын қорғайды.

Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!