
"Паралимпиадашы" фильмінің алғашқы түсірілімі басталған Ақмола облысының Щучинск қаласында спорт қауымдастығы картинаның алдын ала көрсетілімін тамашалады.
Бұл фильм Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жас режиссерлер үшін питчинг конкурсы іріктеуінен өткен алғашқы қазақстандық туындылардың бірі.
Картинаның бас продюсері Әділет Ибраһим Bairakimov&Kairzhanova Presents компаниясымен бірлесіп кинотуындыны таныстырып өтті.
Жас режиссердің айтуынша фильмді түсіруге қазақстандық паралимпиадашы Александр Калядиннің 2018 жылы XII қысқы Паралимпиадада 1,5 км спринтте жеңіп алған алтын медалі түрткі болған.
Байракимов спортшы туралы да, оның жеңісі туралы да көпшілікке белгілі ешқандай ақпарат болмағанын да айтып өтті.
"Бұл таңқаларлық қана емес, сонымен бірге қатты толқынысты да тудырды, өйткені ауыр дертті жеңіп, Паралимпиадаға шыққан адам қазірдің өзінде жеңімпаз! Бірақ оның таңғажайып жеңіс тарихы туралы ешкім ештеңе білмейді... Неліктен? Бұл мәселе менің шығармашылық ізденісімнің қозғаушы күшіне айналды", - деп мойындады Алдияр.
Түсірілім алаңындағы кинотоптардың тұрақты кеңесшісі Александр Калядин, қазақ биатлоншысы, Еуропаның үш дүркін чемпионы, Ванкувердегі 2010 жылғы Олимпиада ойындарының 15 км жеке жарыста күміс жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы және жүлдегері, Азия чемпионы, жазғы биатлоннан әлем чемпионаттарының жүлдегері Елена Хрусталева – жаттықтырушы, консультант және үйлестірушісі болды. Оның кәсіби тәжірибесі мен талантының арқасында шаңғыда бұрын-соңды сырғанамаған артистер рөлдерге үйреніп қалып, тіпті халықаралық жарыстардың нақты қатысушыларынан ажырату өте қиын болған.
Экрандағы кейіпкерлер бейнелерінің шынайылық пен үйлестірімділігіне үлкен үлес қосқан дизайнер және костюмдер бойынша кеңесші, танымал қазақстандық кутюрье Құралай Нұрқаділова сөз сөйледі.
Фильмнің сюжеті - спортшының өмірдегі күйзелістерді жеңу тарихы. Актер Асқар Ілиясовтың экранда сомдаған тағдыр драмасы күрделі бетбұрысты сәттерді қамтиды: автокөлік апатының ауыр салдары, мүгедектік, досынан, қалыңдығынан айырылуы, өмірдің мәні мен өзіне деген сенім, мақсат пен арман... Басты кейіпкер Паралимпиаданың алтын медаліне барар жолда, шаңғы жолына оралмас бұрын, тағдырдың барлық соққыларына төтеп беруі қажет.
Туындының авторы А.Байракимов: "Паралимпиадашы" - бұл физикалық шектеулерге қарамастан, бүкіләлемдік жарыстарда жүлделі орындарға ие болған барлық қазақ паралимпиадашыларына арналған гимн екенін айтты.
"Токиодағы соңғы Паралимпиада көрсеткендей, біздің паралимпиадашылардың руһы мен жеңіске деген сенімі мызғымас. Біз паралимпиадашыларымызды Сочи мен Пхенчханға апаратын бас жаттықтырушылармен кездестік. Олардың әңгімелерінде, әр жеңісті зерттеуде бұл картинаны жасау туралы шешім қабылданды. Біз паралимпиадалық секциялар бойынша кастинг өткіздік, жиындарға бардық, паралимпиада спортшыларының жаттығуын көрдік",-деді жас режиссер көрермендермен кездесуде.
Сеанс аяқталғаннан кейін көрермендер фильмнің күшті мотивациялық компонентін атап өтіп, эмоцияларын жасырмады. Кинотуындының ерекше қажеттіліктері бар адамдардың проблемаларын шынайы және ашық түрде көрсететіні, кейде қоғамның олардың өмірлік қиындықтарына немқұрайлы қарамайтындығы да маңызды.
Көрсетілімге қатысқан кәсіби спортшылар "Паралимпиадашы" қазақ киносындағы, спорттық драма жанрындағы нағыз серпіліс екенін, бұл қазақ көрермендерді еш күмәнсіз бей-жай қалдырмайтынын атап өтті.
Біздің анықтама:
"Паралимпиадашы" фильмі кинопрокатқа осы жылдың сәуір айының екінші жартысында шығады.