Спорт және дене шынықтыру саласы бойынша кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді

Спорт және дене шынықтыру саласы бойынша кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді

2 наурызда сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру саласы бойынша кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді. Жиында еліміздегі спорт пен дене шынықтыру саласын дамыту мәселелері қаралады.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қоғамдық кеңестің өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың, министрлікке бағынысты ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері, спортшылар мен жаттықтырушылар қатысады.

Өтетін күні: 2 наурыз, 2022 ж. 

Басталуы: сағ. 10:00

Өтетін орны: Қазмедиа орталығы, Кино-концерт залы, Д. Қонаев көшесі 4., Нұр-Сұлтан қ.

Кеңейтілген алқа мәжілісіне аккредиттациядан өту үшін БАҚ өкілі және техниканың деректерін mcsgovrk@gmail.com электронды мекен-жайына жіберуді сұраймыз. Қосымша ақпарат алу үшін 87079335917 (Әсел Серікпаева), 74-09-24, 74-04-05  телефон номерлеріне хабарласуға болады.