
Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында сөз сөйледі.
Министрдің есебі туризм саласын дамыту мәселелеріне арналды.
Дәурен Абаев Мемлекет басшысы Министрлікке туризм саласын ел экономикасын дамытудың драйвері етуді тапсырғанын атап өтті.
«Бізде рекреациялық, экологиялық, инвестициялық және адами ресурстар сияқты барлық ресурстар бар», - деді министр.
Министр үкімет сағатына жиналған депутаттарға саланың даму қарқынына қатысты ақпарат берді. Мәселен, министр сырттан келушілер туризмі бойынша 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 5,2 млн адамды құрап, бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 100 мың адамға артқандығын хабарлады. Сонымен қатар өткен жыл "туристердің ұлттық саябақтарға ең көп барған жыл" деп танылғанын айтты.
Сондай-ақ министр бизнестің белсенділігі туралы:
«2019-2021 жылдары ең жоғары дестинациясы бар 10 өңірде жалпы сомасы 395,5 млрд теңге болатын 276 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. 5200 жаңа жұмыс орны құрылды. Өткен жылдың басынан бері жалпы сомасы 226 млрд. теңгені құрайтын 102 нысан пайдалануға берілді», - деді.
Дәурен Абаев 2019-2021 жылдарда жүзеге асырылған ең ірі жобалардың қатарында Түркістандағы «Керуен-Сарай» кешенін (құны 88 млрд теңге), Rixos Turkistan және Hampton by Hilton қонақ үйлерін (екі қонақ үй де 120 нөмірлік), Ақтау қаласындағы Rixos Water World Aktau кешенін (67 млрд теңге, 500 нөмір) және Tetys Blu паркін (47,7 млрд теңге), Нұр-Сұлтан қаласындағы Sheraton қонақ үйін (191 нөмір), Бурабай-Щучинск курорттық аймағындағы «Байтас» қонақ үйін, сондай-ақ, Swissotel Almaty (38,5 млрд теңге), Alazone Arena (Алакөл, ШҚО) және басқа да көптеген жобаларды айтып өтті.
Одан басқа жиын барысында жалпы инвестиция көлемі 1,5 трлн теңгені құрайтын 145 жобаны жүзеге асыру жалғасып, онда 7 500 жұмыс орны құрылатындығы да тілге тиек етілді.
Дәурен Абаев өткен жылы 30 сәуірде Туристік қызмет туралы жаңа Заң қабылданғандығын айтты. Онда мемлекеттік қолдау бойынша бірқатар ынталандыру шаралары қарастырылған.
Атап айтқанда:
- шетелдік турист үшін туроператорларды субсидиялау (15 мың тг.);
- тау шаңғысы курорттарына арналған техника мен жабдықтар (аспалы жолдар, ратрактар, қар генераторлары) сатып алу шығындарын өтеу (25%);
- туристік нысандарды (10%), жол бойындағы сервис нысандарын салу шығындарын өтеу (10%);
- туравтобустарды сатып алу шығындарын өтеу (25%);
- санитарлық-гигиеналық тораптарды (СГТ) күтіп-ұстауды субсидиялау (83 300 тг.).
- турпакет құрамындағы балалар авиабилетін субсидиялау (Kids Go Free).
Бұдан басқа туристік саланың инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатымен туризм саласындағы инвестициялық жобаны басым жоба деп тану шегі 2 млн айлық есептік көрсеткіштен (6,1 млрд теңге) 200 мың айлық есептік көрсеткішке дейін (600 млн теңге) төмендетілді.
«Біз 2025 жылға қарай туризм саласында 60 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуды көздеп отырмыз. Инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру да, сондай-ақ, экономиканың түрлі салаларында халықтың жұмыспен қамтылуына жол ашатын турбизнес қызметін жандандыру да осыған ықпал етеді. Бұл білікті кадрларға деген сұранысты арттырады», - деді Д.Абаев.
Осыған байланысты 2020 жылдан бастап Түркістанда Туризм және қонақжайлылық халықаралық университеті жұмыс істеп, онда 7 бағыт бойынша 1300-ден астам студент оқып жатқандығын ескерткен жөн.
Дәурен Абаев қазіргі таңда экотуризмге - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мәселелеріне, ерекше көңіл бөлінетіндігіне тоқталды.
«Ұлттық парктерді дамыту тұжырымдамасы әзірленіп, нақтыланды. Бұл бас жоспарларды түзету кезінде негізге алынды. Мәдениет және спорт министрлігі мен Экология министрлігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде Экология министрлігі Алматы облысының ұлттық парктеріне 4 стратегиялық инвестор тартты. Олар жалпы сомасы 24 млрд теңгені құрайтын жобаларды жүзеге асырады. Бұл ретте биологиялық алуантүрлілікті сақтау және табиғат объектілеріне экологиялық зиян келтіруге жол бермеу міндетті шарт болып саналады», - деп хабарлады министр.
«Kazakh Tourism Қазақстанға халықаралық іс-шараларды тарту бойынша да жұмыс істеуде. Қазірдің өзінде 5 000 шетелдік делегаттың қатысуымен 2022-2025 жылдарға арналған 12 MICE іс-шаралары (форум, конференция, көрмелер және т.б.) өткізу расталып отыр», - деп Д. Абаев KazakhTourism ұлттық компаниясының жұмысы туралы мәлімдеді.
Бұл бағыттағы жетістіктердің арасында келесілері атап өтілді: