
Ұлттық паралимпиада құрама командасы 25 ақпанда Алматы қаласынан кешкі рейспен XIII қысқы Паралимпиадаға аттанды. Құрама команданың ресми тасымалдаушысы - «Эйр Астана» әуекомпаниясы.
2022 жылғы 4 - 13 наурыз аралығында XIII қысқы Паралимпиада Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжіңде өтеді. Қазақстан тарапынан Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко және Сергей Усольцев пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлерінен қатысып, ел намысын қорғайды.
Қысқы Паралимпиаданың ашылу салтанаты 4 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22.00 басталады. Еліміздің туын пара шаңғы спорт түрінен Әлем кубогінің қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов ұстап шығады
«Паралимпиада - әлемдік спорттық қауымдастығы үшін ең маңызды спорттық шара. Соңғы жылдары, біз спортшыларымыздың тұрақты өсуіне, ойындардың «географиясының» кеңеюіне және әлемдік қоғамдастықтың назары артып келе жатқанына куә болып отырмыз. Паралимпиада спортшылары, сендер кедергілер мен қиындықтарды сенімді еңсеріп, бізге батылдықтың қандай болатындығын өз үлгілерінде мақсатқа жету арқылы дәлелдеп жүрсіңдер. Сіздерге сәттілік, өзіңізге деген сенім мен берік рух тілеймін»- деп Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қ.Боранбаев спортшыларға арналған үндеуде атап өтті.
ҚР Ұлттық Паралимпиада Комитетінің
маркетинг және байланыс бойынша департаментінің
менеджері Құралай Мұратқызы Әшімханова
+7 7071455734, 79-04-13 (ішкі 112)
pr@paralympic.kz