Qazaqstan орталық концерт залында Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай көрменің салтанатты ашылу рәсімі мен баспасөз конференциясы өтеді

Qazaqstan орталық концерт залында Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай көрменің салтанатты ашылу рәсімі мен баспасөз конференциясы өтеді

Бүгін 28 ақпанда, сағат 15.00-де Qazaqstan орталық концерт залында КСРО және Қазақстанның Халық артисі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай әншінің эксклюзивті жаңа мүсіні мен оның өмірлік жолын баяндайтын көрменің салтанатты ашылу рәсімі мен баспасөз конференциясы өтеді.

Іс-шараның мақсаты – әншінің өрелі өнері мен өнегелі өмірін, ел үшін еткен еңбегін, ерлігін насихаттау. Роза Бағланова есімінің ұлт жадында мәңгі сақталуына және уақыт өткен сайын қайта жаңғырып отыруына елеулі үлес қосу.

Баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Мұратұлы Дәуешов, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдуллаұлы және Роза Бағланованың ұлы Тәжен Сатыпалдыұлы Бағланов сөз сөйлейді.

1 наурызда, сағат 19.00-де «ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗЫ» атты салтанатты концерт өтеді.

Концерттік бағдарламада Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева, Тамара Асар, Ренат Гайсин, Жұбаныш Жексен, Айгүл Қосанова сынды елімізге танымал эстрада жұлдыздары мен халықаралық конкурстардың лауреаттары өнер көрсетеді.

Бұл  мерейтой республика көлеміндегі іс-шараларға ұласады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Қызылорда, Алматы, Мәскеу қалаларында әншінің шығармашылығына арналған мерейтойлық концерттер және Нұр-Сұлтан қаласында Халық қаһарманы Роза Бағланова атындағы Халықаралық вокалдық конкурс ұйымдастырылады. Роза Бағланованың 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб пәтерінде аталып өтеді.

Біздің анықтама:

Роза Тәжібайқызы Бағланова – XX ғасырдың көрнекті әншісі. Аты аңызға айналған әнші қазақтың ән өнерін дамытуға айрықша ауқымды үлес қосты. Қазақ өнерін әлемге таныстырып әрі насихаттай отырып, белсенді гастрольдік қызмет жүргізді. Ол еліміздің мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан зор үлесі үшін КСРО және Қазақстанның халық артисі, Халық қаһарманы атағына ие болды.

Барлық сұрақтар бойынша:

Нұрсұлтан Қаражан,  +7 7023131191

e-mail: kazauen@inbox.ru