MITT Moscow туристік көрмесіне қатысушыларды тіркеу басталды

MITT Moscow туристік көрмесіне қатысушыларды тіркеу басталды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті осы жылдың 15-17 наурыз аралығында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында өтетін MITT (Moscow International Travel and Tourism) халықаралық туристік көрмесінде қазақстандық стендті ұйымдастыруды жоспарлауда.

Қазіргі уақытта MITT Moscow көрмесіне қатысу үшін туристік бизнеc өкілдерін тіркеу басталғандығын хабарлаймыз.

Бұл ретте, қатысуға ниетті туристік бизнес өкілдері үшін келесі сілтеме бойынша өтінімді толтыруды сұраймыз: https://forms.gle/zELGsvi5RX41ux7r6

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірі: +7 701 609 2484.