
22 ақпанда, сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің туризм саласы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтеді.
Отырысқа ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметінің өкілдері, Министрліктің Қоғамдық кеңесінің мүшелері, Kazakh Tourism Ұлттық Компаниясы АҚ, облыстық туризм басқармаларының басшылары, бизнес және туристік қоғамдастық өкілдері қатысады.
Өтетін күні: 2022 жыл, 22 ақпан
Басталуы: 10:00
Өтетін орны: Sheraton Nur-Sultan қонақ үйі, Ballroom залы, Сығанақ көш. 60/1, Нұр-Сұлтан қаласы
Отырысқа аккредиттациядан өту үшін БАҚ өкілі туралы мәліметті және техника деректерін mcsgovrk@gmail.com электронды мекен-жайына жіберуді сұраймыз. Қосымша ақпарат алу үшін 87079335917 (Әсел Серікпаева) телефонына хабарласуға болады.