Қоғамдық кеңестің жұмыс тобы мүшелерін сайлауға арналған конкурс

Қоғамдық кеңестің жұмыс тобы мүшелерін сайлауға арналған конкурс

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) жанында Мәдениет және спорт мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы құрылады.

Осыған байланысты, коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары негізінде азаматтық қоғамнан Министрліктің жұмыс тобының 6 мүшесін сайлау туралы конкурс жарияланады.

Жұмыс тобының кандидаттарына Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады. Қазіргі таңда бақылаушылар тізімін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жұмыс тобы мен бақылаушылар құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстар хабарландыру жарияланған күннен кейін 5 күнтізбелік күн ішінде Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15 кіреберіс (тел: 74-05-72) немесе s.bekbashev@msm.gov.kz электронды мекенжай бойынша қабылданады.

Жұмыс тобына (байқаушылар құрамына) кандидаттар келесі құжаттар ұсыну қажет:

1) қосымшада көрсетілген нысан бойынша азаматтың өтініші;

2) коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы (бар болған кезде);

3) кандидаттың кәсіптік немесе қоғамдық қызметі туралы мәліметтері;

4) жеке куәлігінің көшірмесі.

ҚОСЫМША