Жансай Смағұлов қола жүлдегер атанды

Жансай Смағұлов қола жүлдегер атанды

Дзюдодшы Жансай Смағұлов (73 кг) Тель-Авивтегі Grand Slam халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды.

Қола медаль үшін өткен кездесуде Жансай германиялық Игорь Вандткені ұтты. 

Бұл салмақтағы алтын медальді әзірбайжандық Хидаят Хейдаров ұтып алды. Екінші орында Обидхон Номонов. Тағы бір қола жүлдені израильдік Тохар Бутбул иеленді.