Қазақ режиссерінің жұмысы "Канн арыстандары" фестиваліне ұсынылды

Қазақ режиссерінің жұмысы "Канн арыстандары" фестиваліне ұсынылды

"Канн арыстандары" халықаралық шығармашылық фестиваліне қазақстандық режиссер Асқар Шалмановтың Алматы облысының әдемі жерлеріне жасаған виртуалды туры қатысып жатыр.

Енді А.Шалманов digital craft номинациясында жүлде үшін күреседі. Виртуалды және кеңейтілген шындық технологияларын қолданатын режиссерлік жұмыстар осы санатқа топтастырылған.

"Мен Алматы облысы туралы материал түсірдім. Бұл туристердің Қазақстанға келуі үшін өңірдің ең әдемі жерлеріне виртуалды саяхат. Видео Kazakh Tоurism көмегімен түсірілді. Жұмыста Алматы облысының үздік орындары : Шымбұлақ, Шарын, NOMAD бекінісі, ҮАК және Көлсай ұсынылған", - деді Асқар Шалманов.

Ол Канндағы ең беделді халықаралық жарнама өндірушілерінің фестиваліне қатысу кез - келген режиссер армандайтынын айтты.

"Мұнда үздік жарнама компаниялары өз жұмыстарын ұсынады. Мысалы, Apple, Samsung, Burger King. Әдетте "Канн арыстандары" фестивалі маусым айында өтеді. Өтінімдер желтоқсан айында қабылданады, бірақ бұл жолы менің өтінішім 2022 жылдың қаңтарында қабылданды. Мен өз жұмыстарымды шетелдік қонақтар мен қазылар алқасының мүшелеріне 360 градусқа виртуалды шындық форматында біздің табиғатымыздың ең әдемі жерлерін білуі үшін көрсеткім келеді", - деді режиссер.

Айта кетейік, Асқар Шалманов Маңғыстау облысы туралы 360 градус форматындағы жұмыстардың авторы.


Сондай-ақ, Асқар Шалмановтың жұмысы арқылы көрермендер Алматының ең танымал көрікті жерлеріне виртуалды серуенге шыға алады.