Түркістанда тарихи ескерткіштерді сақтау мәселесіне арналған жиын өтті

Түркістанда тарихи ескерткіштерді сақтау мәселесіне арналған жиын өтті

Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қорғау аймағындағы тарихи ескерткіштерді сақтау мәселесіне арналған жиын өтті.

Басқосуға ЮНЕСКОның сарапшылары профессор Майкл Янсен, доктор Она Вилейкис, Пабло Лонгория, Дмитрий Воякин, Ренд Эппих, Алим Фейзуллаев, Денис Сорокин, Наргиз Айтуғанова және » Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының міндетін атқарушы Ерсін Тәжібаев пен қорық-музей директорының орынбасары Бақытжан Нұрханов қатысты.

Жиында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның айналасындағы тарихи-мәдени мұраларды сақтау, табиғат салдары мен абаттандыру жұмыстардың залалынан қорғау, қайта жаңғырту жұмыстары сынды мәселелер қаралды.

0