Айболат Жаудыр Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры қызметіне тағайындалды

Айболат Жаудыр Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры қызметіне тағайындалды

ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Айболат Жанғалиұлы Жаудыр Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры қызметіне тағайындалды.

Айболат Жаудыр 1978 жылы дүниеге келген. 1995 жылы Орал қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №11 қазақ мектеп – лицей интернатын бітірген. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Менеджмент және театр ұжымын басқарушы» мамандығы бойынша, Қарағанды Экономикалық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999-2000 жылдары – Орал қаласындағы «ТДК-42» телеарнасында редактор болып бастаған.

2000 жылы Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының администраторы, 2005 жылдан бас администраторы;

2006 жылдан директордың көрермен жөніндегі орынбасары, 2012 жылдан театр директорының бірінші орынбасары;

2013 жылдың сәуір айынан қарашаға дейін Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры;

2013-2016 жылдары – Астана қаласы әкімдігінің Жастар театрының директоры;

2016-2019 жылдары – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры;

2019 жылдан Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры қызметін атқарған.