Дәурен Абаев Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты мекемелерге барды

Дәурен Абаев Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты мекемелерге барды

Дәурен Абаев Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатына, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына және геральдикалық зерттеулер орталығына барды.

Сапар барысында министрге архив құжаттарын цифрлық форматқа көшіру барысы туралы баяндалып, «Құжаттардың бірыңғай электронды архиві» ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізу процесі көрсетілді.

Сонымен қатар, министр ұлттық құндылығы бар қолжазбалармен, кітаптармен, көне басылымдармен, сирек мұрағаттық құжаттар, картографиялық материалдар, мультимедиялық ақпарат, сөздіктер және анықтамалықтармен танысты.

Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының қызметкерлерімен әңгімелесу барысында бірқатар проблемалық аспектілер, атап айтқанда, араб, шағатай, парсы және басқа да шығыс тілдерін меңгерген мамандардың, сондай-ақ реставраторлардың жетіспеушілігі айтылды.

Орталықта министр зерттеушілерге қажетті мәліметтерді іздеуді оңтайландыру мүмкіндігін беретін «Электронды архив» автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен танысты.

Геральдикалық зерттеулер орталығының ұжымымен кездесу барысында ұйым директоры  Әлібек Асқар орталық Мемлекеттік рәміздер мен геральдиканы қолдану мәселелері бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсететіндігін айтып берді.

Өз кезегінде министр Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы қарсаңында орталықтың жұмысы ерекше маңызға ие екендігін атап өтті.

«Бүгін сіздер қалың жұртшылықтың көзіне көрінбейтін жұмысты орындап жатырсыздар, бірақ бұл қызметтің зор маңызын кемітпейді. Сіз қызмет атқарып жатқан мекемелер – мемлекеттік аппараттың жүрегі. Сондықтан біз ұйымдарыңыздың материалдық-техникалық жабдықталуына, ең бастысы, сіздердің күрделі еңбектеріңізді лайықты ынталандыруға баса назар аударатын боламыз", – деді Дәурен Абаев.