«Томирис» тарихи драмасы қазақстандық прокатқа шығады

«Томирис» тарихи драмасы қазақстандық прокатқа шығады

Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Сатайфильм» компаниясының қатысуымен «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген. Фильмнің бас продюсері Әлия Назарбаева.

Бұл ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымы туралы фильм. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан кек алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген арудың тағдыры баяндалады.  Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының  патшасы Кирмен шайқасады.

Өндіруші: Ш.Айманов «Қазақфильм» киностудиясы, «Сатайфильм» кинокомпаниясының қатысуымен

Жыл: 2019

Қоюшы режиссер: Ақан Сатаев
Сценарий авторлары:  Тимур Жақсылықов, Әлия Назарбаева
Қоюшы оператор: Хасан Қыдыралиев
Қоюшы суретші: Қуат Тлеубаев 

Бас продюссер: Әлия Назарбаева  
Продюсері: Анна Чакиртова
Костюм жөніндегі суретші: Әсел Шалабаева
Грим жөніндегі суретші: Лидия Ордынская
Кастинг-директор: Жайна Әбдиева
Трюктарды қоюшы: Жайдарбек Күнғожинов

Рөлдерде: Альмира Тұрсын, Әділ Ахметов, Берік Айтжанов, Асылхан Төлепов, Азамат Сатыбалды, Гасан Масуд және т.б.