Диас Жиренбаев - халықаралық турнирдің қола жүлдегері

Диас Жиренбаев - халықаралық турнирдің қола жүлдегері

Болгария астанасы София қаласында мәнерлеп сырғанаудан Sofia Trophy-2022 халықаралық турнирі өтті.

Осынау беделді жарысқа Қ. Мұңайтпасұлы атындағы республикалық олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінің оқушысы-спортшысы Диас Жиренбаев та қатысты.

Екі міндетті бағдарлама бойынша мәнерлеп сырғанаушы турнирдің қола медалін жеңіп алды.

Диасты және  Қ. Мұңайтпасұлы атындағы РОРСМИК жаттықтырушы-оқытушылар құрамын жарқын жеңісімен құттықтаймыз.