
2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына қатысып жатқан қазақстандық спортшылардың алтыншы жарыс күні.
8 ақпанға арналған жарыс кестесі.
Спорт түрі: Шаңғы жарысы. Еркін жүріспен жеке жарыс. Ерлер мен әйелдер. Іріктеу.
Спортшылар: Евгений Величко (34 жаста, Ақмола облысы. 2015 жылғы қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері және 2010 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы);
Виталий Пухкало (29 жаста, Қостанай облысы. 2017 жылғы қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері және 2018 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы);
Ксения Шалыгина (23 жаста, Алматы облысы. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы);
Ирина Быкова (28 жаста, Павлодар.
Қысқы Универсиаданың қола жүлдегері);
Ангелина Шурыга (25 жаста, Алматы облысы. 2020 жылғы FIS ойындарының чемпионы);
Надежда Степашкина (23 жаста, Ақмола облысы. 2020 жылғы FIS ойындарының чемпионы).
Басталуы: 14: 00 Іріктеу. 16: 30 Финал.
Спорт түрі: Биатлон. Жеке жарыс. Ерлер.
Спортшылар: Александр Мухин (23 жаста, Ақмола облысы. 2021 жылғы жазғы биатлоннан әлем чемпионатында 4-орын);
Владислав Киреев (21 жаста, Қарағанды облысы. 2018 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы. 2019 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатында 4 орын).
Басталуы: 14:30
Спорт түрі:Конькимен жүгіру спорты. 1500 м. ерлер
Спортшылар: Дмитрий Морозов (25 жаста, Нұр-Сұлтан.
Төрт құрлық чемпионатының күміс жүлдегері).
Басталуы: 16: 30.
Спорт түрі: Шаңғы қоссайысы. Ресми жаттығу
Спортшылар: Шыңғыс Рақпаров (26 жаста, Алматы. ҚР чемпионаты 1 орын 2014-2021.
Басталуы: 12:30