Тунисте үстел теннисінен өткен турнирде Алан Құрманғалиев екі медаль жеңіп алды

Тунисте үстел теннисінен өткен турнирде Алан Құрманғалиев екі медаль жеңіп алды

Радесте (Тунис) 2022 жылғы WTT (Әлемдік үстел теннисі) жасөспірімдер сериясының бірінші турнирі аяқталды. Турнирде халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қарағандылық Алан Құрманғалиев 15 жасқа дейінгілер арасында лайықты ойын өрнегін көрсетті.

Жеке турнирде ол Павел Кокавецті (Словакия), Чади Хсайриді (Тунис), Хай Ламаны (Норвегия), Тиаго Абиодуны (Португалия), Яндриш Моравикті (Чехия) жеңіп, словак Самуель Арпасқа жол беріп, күміс медальға ие болды.

Айдли Юссефпен өткен (Тунис) жұптық сында отандасымыз қола медальді еншіледі.