
Біріккен Араб Әмірліктерінде WT таеквондодан G-2 дәрежесіндегі Fujairah Open 2022 халықаралық турнирі аяқталды.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық таеквондошылар 7 медаль: 1 алтын, 3 күміс және 3 қола жеңіп алды.
Саят Төреқұл (54 келіге дейін) Фуджейра қаласында өткен турнирдің чемпионы атағына ие болды.
Тұғырдың екінші сатысында – Әзірет Дүйсенбек (54 келіге дейін), Нұрлан Мырзабаев (80 келіге дейін) және Наргиза Қойшыбекова (46 келіге дейін) тұр.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Смайыл Дүйсебай (87 келіге дейін), Нұрбек Жамшаев (87 келіге дейін) және Айдана Құмартаева (46 келіге дейін) қола жүлде алды.