Надежда Морозова: "Қазақстанға медаль әкелетініме 100 пайыз сенімдімін"

Надежда Морозова: "Қазақстанға медаль әкелетініме 100 пайыз сенімдімін"

Бейжіңдегі қысқы Олимпиадада конькимен жүгіруден жарыстар басталды.

Конькимен жүгіру бойынша Қазақстан құрамасынан Надежда Морозова бірінші болып мұз айдынына шықты. Ол әйелдер арасында 3000 м қашықтықты 4:04.97 уақытта жүгіріп өтті. Отандасымыз жарысқа шыққан 30 спортшы ішінде 13-ші орынға тұрақтады. 

"Бұдан да жақсы, бұдан да жылдам нәтиже көрсеткің келеді. Барлық күшімді 1500 м қашықтыққа салатын боламын. Бейжіңдегі мұз айдыны біз үшін ыңғайлы. Біз дәл қазір бар күшімізді салып, қолымыздан не келетінін көрсетуіміз керек. Қазақстанға медаль әкелетініме 100 пайыз сенімдімін. Мен Калгариде осы қашықтықты 4.01 нәтижесімен аяқтаған болатынмын. Бұл жолы - 4.04. Мұз айдынындағы бүгінгі нәтиже жақсы көрсеткіш деп ойлаймын", - деді Надежда Морозова жарыстан кейін. 

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК