«Дербент» музей-қорығы онлайн экскурсия ұйымдастырды

«Дербент» музей-қорығы онлайн экскурсия ұйымдастырды

Бүгін, 3 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің  «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы  өзара келісім бойынша Дағыстан Республикасының  «Дербент» мемлекеттік тарихи-архитектуралық және археологиялық музей-қорығының Нарын-қала архитектуралық кешеніне онлайн саяхат жасады.

Қарт Каспийдің жағасында орналасқан Ресейдің ең көне қалаларының бірі саналатын Дербенттегі Нарын-қала архитектуралық кешенінің негізі б.з.д. VIII-VII ғғ. қаланған. 

Сәулет өнерінің әсем туындысымен «Дербент» музей-қорығының экскурсиялық қызмет бөлімінің басшысы Керим Могомедович Рамазанов таныстырды.