Фристайл-могулдан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңінің нәтижесі

Фристайл-могулдан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңінің нәтижесі

Бүгін Бейжің Олимпиадасында фристайл-могулдан әйелдер арасындағы іріктеу бәсекесі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Турнир ережесіне сәйкес, іріктеуде алғашқы ондыққа енген спортшылар финалға жолдама алады. Қалған қатысушылар екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды. 

Қазақстан командасы төмендегідей нәтиже көрсетті: 

-Аяулым Әміренова (66.82 ұпай) - 16-орын.

- Олеся Граур (57.18 ұпай) - 23-орын. 

-Анастасия Городко (жарысты аяқтаған жоқ).

Осылайша қазақстандық спортшылар іріктеудің екінші айналымында сынға түседі. Екінші кезең 6 ақпанға жоспарланған.