Бүгін фристайл-могулдан жарыс басталады

Бүгін фристайл-могулдан жарыс басталады

Қысқы Олимпиаданың ресми ашылуы  ертең, яғни 4 ақпан күні өтеді, ал спортшыларымыз фристайлда өнер көрсетуін бүгіннен бастап кетті. 

Қысқы Олимпиададағы фристайл жарысы 3 - 19  ақпан аралығында өтеді. Жарыс аясында 13 жүлде жиынтығы (ерлер үшін 6, әйелдер үшін 6 және аралас 1) сарапқа салынады.  

Ресми түрде 2018 жылдың шілдесінде Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) фристайл бойынша олимпиада бағдарламасына жарыстың үш түрін қосты: ерлер мен әйелдерге арналған биг - эйр, сондай-ақ аралас командалық акробатика бойынша жарыстар.

Жалпы алғанда, фристайл бағдарламасына 284- орын бөлінді.

Турнир Бейжіңдегі Шоуган-Биг-эйр қарлы паркінде, сондай - ақ Чжанцзякуде өтеді: Гентин — Хафпайп қар паркі, Тайву-Слоупстайл қар паркі, Ваньлун қар паркі — Акробатика, Могул.

Бүгін Qazaqstan және Qazsport телеарналарында  фристайл могулдан жарыс көрсетіледі. Біздің елімізді 6 спортшы таныстырады: 2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Анастасия Городко және Олеся Граур.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:00-де әйелдердің бірінші квалификациясы басталады.

Ерлер арасында 17:45-те өтетін жарысқа Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд қатысады.