
Қытай астанасы Бейжіңде фристайл-могулдан Қазақстан командасы Олимпия ойындары қарсаңындағы жаттығуларын өткізуде. Спортшылар олимпиада трассасын сынақтан өткізіп, жергілікті жағдайға бой үйретіп, барыс жылының басты спорт сайыстарының бірі - ақ Олимпиадаға дайындықтарын пысықтауда.
Фристайл-могулдан Бейжің Олимпиадасында ел намысын алты спортшы қорғайды. Квота FIS рейтингісіне сай үлестірілді. Олимпиадаға қатысу үшін спортшы топ-30 қатарына еніп, 80-нен аса ұпай жинау қажет.
Айта кетейік, Бейжің төрінде фристайл-могулдан Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаковтың өнерін тамашалаймыз.
Аталған спорт түрінде 13 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Фристайлшылар додасы 3-19 ақпан аралығына жоспарланған.