Кеш қонақтары әлемдік классиканың жауһарлары – И.Брамстың төртінші симфониясын, Я.Сибелиустың оркестрмен арналған скрипка концертін тыңдау мүмкіндігіне ие болды. Бұл шығарманы дирижер Л. Стоковский фин кемеңгерінің шығармашылығының шарықтау шегі деп атайды.
Концерттің басты номерлерінің бірі «Кішкентай ханзада» балетінен алынған беларусь композиторы Е.Глебовтың Сюитасының Қазақстан жерінде алғаш рет орындалуы болды. Бұл шығармада композитор күрделі симфониялық драматургияның театралдық формаға келтірді. Сыншылардың айтуы бойынша, бұл музыкалық-хореографиялық өнерде жаңашылдық болды. Балеттегі Сюитаның танымал болып кетуі сонша – аталмыш туынды жеке музыкалық туынды ретінде орындала бастады.
Концертте Қазақстан Халық әртісі Айман Мұсақожаева және Андрей Иванов бастаған Беларусь мемлекеттік музыка академиясының симфониялық оркестрі басты солистер ретінде өнер көрсетті.
Жоғары шығармашылық жетістіктері үшін Айман Мұсақожаева ең ірі жүлделерге, соның ішінде ЮНЕСКО-ның «Әлем әртісі» атағына ие. Оның есімі «ХХ ғасырдың 2000 үздік музыканты» IBC Бүкіләлемдік құрмет тізіміне енгізілді. Музыкалық сыншылар Айман Мұсақожаеваны өткеннің ұлы скрипкашыларымен бір қатарға қойып, оның ойынындағы терең интеллектуализм мен жарқын шеберліктің бірегей үйлесімділік туралы масаттана айтады.
«Бүгін біздің университетімізде ерекше күн. Қазақ ұлттық өнер университеті Беларусь Елшілігі және Беларусь мемлекеттік музыка академиясымен бірлесе отырып, Қазақстан және Беларусь дипломатиялық қатынастарының 25-жылдығына, одан қала берсе екі керемет шығармашылық оқу орындарымыздың ынтымақтастығына арналған концерт өтуде. Біз Наурыз секілді ұлы көктем мерекесі қарсаңында беларус әріптестерімізді қарсы алуға қуаныштымыз», - деді Айман Қожабекқызы.
Сонымен қатар ол Қазақстан мен Беларусь мәдениет ынтымақтастығы екі мемлекет халықтарының рухани өзара байытып, әртістердің шығармашылық мүмкіндіктер кеңейте және шыңдай түсетіндігін тілге тиек етті.
Беларусь мемлекеттік музыка академиясының ректоры Екатерина Дулова қазақстандық әріптесінің пікіріне қолдау білдірді.
«Академиямыздың студенттері, әртістері Қазақ ұлттық өнер университетінде өтіп жүрген түрлі шаралардың тұрақты қатысушылары болып табылады. Менің ойымша, бұндай концерттер маңызды орындаушылық тәжірибе беріп қана қоймай, елдер арасындағы рухани байланысты күшейте түседі. Осындай концерттерді өткізу барысында біз әрдайым жалпыұлттық, ортақ көркемдік мүдделерімізді ескереміз», - деді Е. Дулова.
Айтып кету керек, БММА симфониялық оркестрі Беларуссияның шығармашылық ұжымдары арасында әрдайым ерекше орын алады. Оркестр туған елінің қалаларында ғана емес, барша әлем бойынша гастрольдік сапармен өнер көрсетеді. Ұжым музыканттарының Ресей, Германия, Франция және Түркияның шығармашылық ынтымақтастығы айрықша жемісті болды. 1994 жылдан бастап, оркестр Вагнер фестивалі (Германия), «Үлкен бақша жазы» (Франция) секілді ірі халықаралық фестивальдерге қатысып келеді. Сонымен қатар Беларусь ұжымдары әлемнің атақты саханаларының бірі болып табылатын Мәскеу консерваториясының Үлкен залында өткен «ТМД мүше-мемлекеттері консерваториялары симфониялық оркестрлерінің шеруіне» қатысқан болатын.