«Әзірет Сұлтан» қызметкерлері мектеп оқушыларымен кездесті

«Әзірет Сұлтан» қызметкерлері мектеп оқушыларымен кездесті

 Кездесуге  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және археология бөлімінің меңгерушісі т.ғ.к., М.Қ.Тұяқбаев, Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімінің  инспекторы Ж.Әбсадық, археолог Қ.Мұсабаевтар қатысты. Іс-шара барысында т.ғ.к., М.Қ.Тұяқбаев мектеп оқушыларын тарихи-мәдени ескерткіштердің еліміздің өткен тарихынан мәлімет беретін құндылығымыз екеніне тоқталып өтті.

Сонымен қатар, тарихи-мәдени ескерткіштерімізді болашақ ұрпаққа жеткізу үшін көзіміздің қарашығындай сақтап, бүлінуден, тағылық іс әрекеттерден қорғау қажеттілігі түсіндірілді.  Инспектор Ж.Әбсадық қорық-мұражай құрамындағы ескерткіштердің тізімге алынуы, қорғалуы, сақталуы жайлы, сондай-ақ Түркістан қаласы мен ауылдық округтерде орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер туралы  қысқаша баяндама оқыды. Археолог Қ.Мұсабаев археологиялық барлау жұмыстары барысында табылып, тізімге алынған ескерткіштердің жай-күйі жайлы мәлімет берді.

Кездесу соңында қорық-мұражайдың баспа өнімдері «Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштер» тарихи-танымдық жинағы және республикалық «Ясауи мұрасы» газеті таныстырылып, мектеп кітапханасына сыйға берілді. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға қорық-мұражай мамандары жауап берді. Мектеп ұжымы мен оқушылары атынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Х.Нуриллаева  қорық-мұражай ұжымына өз алғысын білдірді.