А. Полторанин жарысты 26:30.4 2 уақыт көрсетіп аяқтады.
Екінші және үшінші орынға сәйкесінше эстондықтар Райдо Ранкель (+23.0 3) және Андреас Веерпалу (+35.7) табан тіреді.
Айтып кету керек, бұл жарыс Полторанин үшін ағымдағы маусымдағы соңғы халықаралық дода болып табылады. 20 және 28 наурыз аралығында спортшы Риддерде өтетін Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді.