Қазақстан мұражай-қорықтары тәжірибе алмасты

Қазақстан мұражай-қорықтары тәжірибе алмасты

Ынтымақтастықтың бірінші алғышарты аталмыш мұражай-қорықтардың тарихи-мәдени мұрасының, яғни археологиялық және архитектуралық ескерткіштерінің жан-жақты зерттеу жұмыстары болып табылады. Екіншіден, мекеме арасындағы ынтымақтастық қорық және мұражайлық іс жүргізудегі өзара білім алмасу мақсатында жүргізіледі. Мұражай-қорықтар қызметкерлерінің іссапары 2011, 2014, 2016, 2017 жж. жүзеге асырылып отырды.

Соңғы сапар барысында  музей қызметкерлері «Бекен атаның тарихи-археологиялық ескерткіштерді зерттеуге қосқан үлесі» туралы ғылыми семинарға қатысып, Ұлытау қорық-мұражайының 25-жылдық  құрметіне шығарылған жинақ бойынша брифинг өткізді.  Сондай-ақ іс-шара төңірегінде археологтар мен этнографтардың заманауи зерттеу әдіс-тәсілдері туралы сөз қозғалып, жоспарланып отырған зерттеу жобалары талқыланды. Бұл жұмыстар негізінде болашақта ғылыми айналымға еңбектер шығарылатын болады.