Таланттар шеруі

Таланттар шеруі

Бағдарламадаклассик-композиторлардың, қазақстандық композиторлардың камералық-вокалдық лирикасы, сондай-ақ «Астана Опера» жетекші солисттерінің орындауындағы ариялар мен дуэттер орындалады. Олардың қатарында - Г. Доницеттидің «Махаббат шырыны» операсынан Неморино ариясы, шырқайтын Нұрлан Бекмұхамбетов; жетекші солист Әлфия КәрімоваЛ. Делибтің «Испандық әнін» орындайды; опера сахнасының шебері Барсег Туманян заманауи американдық ән ұсынуға дайындық үстінде, сондай-ақ осы кеште көптеген қызықты композициялар ұсынылады.

- Махаббатты туралы шексіз айта беруге болады, ал жадырап көктем келгенде ішкі жан-дүниемізде жарқын сезім оянып, махаббат жайында айтып қана қоймай, ән салғың келеді.Махаббат сан қырлы және біз оныңқасіреті мен драмасын қосқанда, жан-жақты етіп көрсеткіміз келеді. Концерткеқатысушының әрқайсысыбеделді опера сахналарында табысқа бөленген. Енді олар бас қосып, нағыз таланттар шеруін өткізеді. Репертуар жиынтығы да айтарлықтайсаналуан: үлкен операдан бастап, камералық музыкаға, романсқа, түрлі композиторлар әніне дейін. Концерт адам сенгісіз қызықты болады деген ойдамын, - деп атап өтті концертмейстер Гауһар Тасбергенова.